Сейсенбі, 3 Желтоқсан 2024
Билік 1156 0 пікір 4 Қараша, 2024 сағат 14:00

Бектенов: Қазақ-Қытай ынтымақтастығы қарқынды дамып келеді

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында бизнес өкілдерінің қатысуымен өткен Қазақстан-Қытай инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты.

Шанхай қаласында ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен келіссөздер өтеді, VII Қытай халықаралық импорт көрмесіне қатысу жоспарланған.

Жұмыс сапардың басты мақсаты - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин арасындағы екіжақты тауар айналымы көлемін өткен жылғы $41 млрд деңгейіндегі тарихи рекордтан екі есеге арттыру жөніндегі уағдаластықтарды жүзеге асыру.

«Бүгінде екі ел арасындағы ынтымақтастық жоғары қарқынмен дамып келеді. Жоғары деңгейде қойылған міндетке сәйкес, біз жақын арада өзара сауда көрсеткіштерімізді екі есеге арттыруға ниеттіміз. Қазақстан мен Қытайдың бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда зор әлеуеті бар. Біз өзара іс-қимылдың жаңа көкжиектерін ашып, ынтымақтастықтың тиімділігін бірге арттыра аламыз.

Бұған қол жеткізу үшін транзиттік мүмкіндіктерді кеңейту, өнеркәсіптік кооперацияны нығайту және біздің іскер топтар арасында байланыс орнату бойынша белсенді жұмыс жүргізілуі қажет.

Қазақстан Үкіметі әріптестікті кеңейтуге және мемлекеттеріміз арасында берік көпір құруға дайын. Біз инвесторларға қолдау көрсетіп, бизнеске қолайлы жағдай жасаймыз және әр жобаның табысты болуына ықпал етеміз.

Біздің бірлескен күш-жігеріміздің арқасында жаңа инвестициялық бастамалар экономиканың нақты секторын дамытуға, оны әртараптандыруға және азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жақсартуға қуатты серпін беретініне сенімдімін», - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Мың бір мысал

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 596