Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Деп жатыр 651 0 пікір 5 Қараша, 2024 сағат 13:29

TikTok-қа шектеу бола ма? – Бектенов жауап берді

Сурет habr.com сайтынан алынды.

Сенатор Геннадий Шиповских TikTok-тағы контент адам өміріне қауіпті екенін айтып, оны бұғаттауды ұсынған болатын. Премьер-министр Олжас Бектенов бұл мәселеге қатысты Үкіметтің ұстанымын айтты.

«Аккаунт иелері 13 жасқа толмаса, онда жойылған есептік жазбаларды жойып, олардың санын көпшілікке жария еткен алғашқы ірі платформа TikТok болды. 2024 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында TikTok 13 жасқа толмаған пайдаланушыларға тиесілі Қазақстандағы 1 239 635 есептік жазбаны жойды, ал өткен жылы олардың саны 1 842 467 есептік жазба болды», - деді Олжас Бектенов.

TikTok қосымшасы 12+ рейтингіне ие, бұл ата-аналарға мобильді құрылғыдағы ата-ана бақылауы құралдары арқылы баланың қосымшаны жүктеуіне жол бермейді.

«Уәкілетті орган құқық қорғау органдарымен және арнаулы мемлекеттік органдармен бірлесіп, заңсыз контентті табу және жою алгоритмін жақсарту мақсатында тұрақты негізде TikTok өкілдерімен жұмыс кеңестерін өткізеді. Нәтижесі бойынша модерация мүмкіндіктерін арттыру үшін жаңа технологияларды енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу жүзеге асырылып келеді», - делінген Үкімет басшысының депутаттарға берген ресми жауабында.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1974