Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 548 0 пікір 13 Қараша, 2024 сағат 15:11

Қайырымдылыққа тыйым салына ма? Министр не дейді?

Фото: dalanews.kz

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қайырымдылық мақсатында ақша жинауды реттеу мәселесіне қатысты пікір айтты. 

«Жұмыс тобы құрылды, мәселе талқыланып жатыр. Нақты шешімдер әлі жоқ, өйткені барлық ұсынысты жинап, сарапшылардың пікірін зерттейміз. Мұндай бастамалар жай ғана қабылданбайтынын түсіну керек. Алыпсатарлық, алаяқтық фактілер бар. Осыған орай қайырымдылық көмек тетігін жетілдіру мәселесін қарастырамыз», - деді Аида Балаева Мәжіліс отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап беру барысында.

Министрдің айтуынша, қайырымдылық мақсатында қаржы жинау тетігін реттеу мәселесі азаматтық қоғамның қатысуымен кеңінен, жан-жақты талқылануы тиіс. Дегенмен ведомство басшысы аталған мәселені қоғамдық талқылауға қашан шығарылатынын айтпады.

«Бұл қадам азаматтардың мүддесі үшін, яғни көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созу үшін жасалғанын түсінемін», - дейді ол.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1453
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5257