Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 399 0 пікір 15 Қараша, 2024 сағат 14:04

Алаяқтар 18 млрд теңгеге несие рәсімдеген

Фото: pixabay.com

Кредит беру нарығында өзекті мәселелердің бірі – қаржы алаяқтығының өсуі. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова айтты.

«Қазір несие беру нарығында өзекті мәселелердің бірі – қаржы алаяқтығының өсуі. Жыл басынан бері 18 млрд теңгеге 7,4 мың жалған кредит берілген. Осыған байланысты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Ұлттық банк және Ішкі істер министрлігі бірлесіп, алаяқтықты анықтау, жолын кесу шараларын жасады», - дейді агенттік төрағасы.

Айтуынша, халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту үшін маусым айында қарыз алушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі заң қабылданды.

Заңның негізгі жаңалықтары 90 күннен астам төлем мерзімі өткен кезде, кредит беруге тыйым салынады. Бұдан басқа 45 күнге дейінге мерзімге 50 АЕК-ге дейінгі сомада берілген микрокредиттерді реттеудің ерекше тәртібінің күші жойылады.

«Негізгі шаралардың ішінде әрбір онлайн қарыздар берген кезде клиенттерді міндетті биометриялық және көпфакторлы индентификаттауды енгізуді, банктердің ақпараттық қауіпсіздігіне және олардың мобильді қосымшаларына қойылатын талаптарды қатаңдатуды атап өтуге болады», - деді Мадина Әбілқасымова.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1452
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5250