Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Билік 1382 4 пікір 20 Қараша, 2024 сағат 19:39

Уақыт белдеуі: Әлемдік тәжірбие не дейді?

Сурет: 7kun.kz

Еліміз ағымдағы жылы бірыңғай UTC +5:00 (Дүниежүзілік үйлестірілген уақыт) уақыт белдеуіне өтті.  Бірақ та, қоғамда осы шешімге қатысты екіжақты пікірлер толастар емес. Осы орайда, бірыңғай уақыт белдеуінің тиімділігі  жөнінде өз пікірімді білдіргім келеді:

1. Табиғи жарықты тиімді пайдалануға және электр энергиясын үнемдеуге мүмкіндік береді. Яғни, бірыңғай UTC +5:00 уақыт белдеуіне өткен 12 облыс пен 3 мегаполис тұрғындарының (16,9 млн халық) табиғи күн уақытын тиімді пайдалануына және оңтүстіктегі энергия тапшылығын одан әрі шиеленістірмеуге жол ашады;

2. Биологиялық ырғақ пен адам денсаулығына оң әсері. Жаңа уақыт белдеуіне көшкен, яғни Қазақстан Республикасы халқының 80%-тен астамы бұрынғыдай таң қараңғысында жұмысқа немесе сабаққа асығып, стресске түсіп, нерв жүйесінің жұмысына салмақ салмайды. Бұл әсіресе қыс кезінде қиындық тудыратын еді. Денсаулық сақтау саласының мамандары енді уақытымен ұйықтауға, тәуліктік ырғақтың негізгі реттеушісі – мелатонин гормоны жұмысының жақсаратынына сенімді... Сондықтан, уақытты табиғи уақытқа жақын пайдалану орынды және ең алдымен жас ұрпақтың денсаулығы үшін қажет.

3. Әлемдік тәжірибе. Әлем елдерінде қолданылатын сағат пен уақытты реттеу стандарты негізінде сағаттық белдеулер картасы жасалған (1-сурет).

Сурет 1 - Әлемнің уақыт белдеулері

Картадан көріп отырғанымыздай территориясы үлкен көптеген елдер (Қытай, Үндістан, Иран, Түркия, ендік бағытта орналасқан Еуропаның бірнеше елі: Франция, Германия, Польша т.т.) бір уақыт белдеуін қолданады. Осының ішінде Қытайдың тәжірибесіне ерекше назар аударуға болады: жерінің аумағы бізден әлдеқайда үлкен, әлем бойынша 3-орында және Қазақстан сияқты ендік бағытта орналасқан. Шығыс пен батыс аралығындағы сағат айырмашылығына, жердің шалғайлығына қарамастан Қытайда (Гонконг пен Макаоны қоса алғанда) бір ғана UTC +8:00 сағаттық белдеуі қолданылады. Бұл экономиканы аумақтық тиімді ұйымдастыру және көлік қатынастарын басқаруды жеңілдету үшін жасалған іс-шаралар ретінде қабылданды. Сондықтан, еліміз жағдайында бір уақыттық белдеуге көшуден мін іздеудің қажеттілігі жоқ. Тек, Шығыс Қазақстанның кейбір өңірлерінде уақытқа бейімделу мәселелер туындатуы мүмкін (облыс халқының республикадағы үлесі – 3,5%). Бірақ, бұл мәселені шиеленістіреді деп ойламаймын. Сондықтан, Қазақстан халқының 96,5%-не тиімді шешімді қабылдау қажет деп санаймын.

Думан Тоқтарұлы Алиаскаров,

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің аға оқытушысы, PhD

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2062