Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Ұсыныс 432 1 пікір 12 Желтоқсан, 2024 сағат 12:05

Трамп Си Цзиньпинді инаугурациясына шақырды

Фото: bnnbloomberg.ca

Жаңадан сайланған президент Дональд Трамп ҚХР төрағасы Си Цзиньпинді келесі айда болатын инаугурациясына шақырды, деп хабарлайды  меншікті і BNN Bloomberg.

Бұл шақыру Дональд Трамптың әлемдегі екінші ірі экономикаға жаңа баждар енгізу қаупі жағдайында қытайлық әріптесін өзіне қарату әрекетін білдіреді.

Дональд Трамп NBC телеарнасына осы аптада Си Цзиньпинмен сөйлескенін және Қытай басшысымен «өте жақсы тіл табысып кеткенін» хабарлады. Соңғы рет екі көшбасшы 2019 жылы маусымда Жапонияда өткен G20 саммиті аясында жеке кездескен.

Си Цзиньпин Дональд Трампты сайлаудағы жеңісімен құттықтап, тұрақты қарым-қатынасты сақтап қалуды қалайтынын білдірді.

Атап өтілгендей, әдетте елшілер қатысатын АҚШ президентінің ұлықтау рәсіміне Қытайдың бірде-бір басшысы қатысқан жоқ. Мемлекеттік департамент жазбалары кем дегенде 1874 жылдан бері бірде-бір шетелдік мемлекет басшысы мұны жасамағанын көрсетіп отыр.

Си Цзиньпин соңғы рет АҚШ-қа 2023 жылғы қарашада Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы саммитіне қатысу үшін барып, президент Джо Байденмен келіссөздер жүргізді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1975