Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Билік 1226 1 пікір 13 Желтоқсан, 2024 сағат 18:17

2024 жыл қорытындылары: Қазақстандағы волонтерліктің жаңа көкжиектері

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен алынды.

Биыл Қазақстан волонтерлікті дамытуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Халықаралық стандарттарға бейілділігін растап, қоғамдық маңызды міндеттерді шешуде волонтерлердің рөлін нығайтты.

Бүгінгі таңда елімізде 755 волонтерлік ұйым, 2 мың бастамашыл топ, 275 мың белсенді волонтер, оның ішінде 3,5 мың «Күміс» волонтер белсенді жұмыс істейді.

Азаматтардың волонтерлік қозғалысқа белсенді қатысуы және мемлекет тарапынан бұл үшін жағдай жасауы елдегі волонтерліктің дамуына ықпал етті. Үкімет Қазақстан Республикасының 2024-2026 жылдарға арналған волонтерлікті дамыту мен қолдаудың жаңа Жол картасын бекітті.

Оны іске асыруда әлеуметтік және медициналық волонтерлік, экологиялық және ЗОО волонтерлік, білім беру және медиа саласындағы волонтерлік, төтенше жағдайлар салдарын жою саласындағы волонтерлік және басқа да салаларда салалық волонтерлікті дамытуға баса назар аударылды.

Елімізде Ұлттық фронт-кеңсе және өңірлік 20 волонтерлік фронт-кеңсесі өз қызметін белсенді жүзеге асырып келеді, олар ұйымдастырушылық, ақпараттық және ресурстық қолдау көрсетеді, сондай-ақ еріктілер топтарына, ұйымдарға және еріктілерге консультациялық көмек береді.

2024 жылы 5,6 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылды. Бір жыл ішінде волонтерлік бойынша бірыңғай Call-орталық құрылып, оған 2095-тен астам өтініш келіп түсті. Бірыңғай онлайн «Qazvolonteer.kz» платформасы жұмыс істейді, онда 67 мыңнан астам ерікті тіркелген.

2024 жылы мемлекеттік органдар волонтерлік қоғамдастықпен бірлесіп 55 жобаны іске асырды, сондай-ақ волонтерлік бастамаларды қолдау мақсатында 240 шағын грант берілді. Жобалар аясында 42 мыңға жуық түрлі форматтағы іс-шара өткізілді. 10 мың волонтер салалық волонтерлік бойынша оқудан өтті.

Халықаралық волонтерлік белсенді дамып келеді. Ұлттық волонтерлер фронт-кеңсесінің жанында 2023 жылдан бастап Халықаралық волонтерлік орталық жұмыс істейді. Қыркүйек айында 7 Қазақстандық волонтер БҰҰ құрылымдарына Түркия, Кения және Таиланд сияқты елдерге жұмысқа жіберілді.

Осы жылы 3-4 қазанда Астанада АӨСШК Жастар кеңесінің қолдауымен волонтерлер слеті өтті. Слет Азияның волонтерлері мен волонтерлік ұйымдары үшін ең ірі халықаралық іс-шаралардың біріне айналды. Оған АӨСШК-ға мүше 14 мемлекеттен (Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Шри-Ланка, Қытай, Бахрейн, Өзбекстан, Әзербайжан, Иран, Таиланд, Тәжікстан, Кувейт, Үндістан, Катар) 450 адам қатысты.

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2020 жылы Қазақстанның дамуына үлес қосқан үздік қазақстандық және шетелдік еріктілерді ынталандыру үшін «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы тағайындалды. 2020-2024 жылдар аралығында Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан 234 волонтер сыйлық алды.

«Игі істер марафоны» жобасы іске асырылды, оның шеңберінде қазақстандықтар 50 мыңға жуық адамның қатысуымен 7 000 «Игі іс» жасады. Жоба аясында еріктілер 7 000 жануарға көмек көрсетті, 3 200 көшет отырғызып, 240 тонна қоқыс жиналды. 5 желтоқсанда 10 номинация бойынша жобаның 20 жеңімпазы марапатталды.

2025 жылы осы бағыттағы жұмысты жалғастыру шеңберінде волонтерлік саласы бойынша қолданыстағы заңнаманы жетілдіру үшін жаңа тәсілдерді әзірлеу жоспарлануда.

Сондай-ақ, халықаралық волонтерлер жылын өткізуге дайындық аясында Қазақстанда Ұлттық ұйымдастыру комитеті құрылып, іс-шаранының жоспарын әзірлейді.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963