Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Билік 1147 28 пікір 16 Желтоқсан, 2024 сағат 10:38

Тәуелсіздік - теңдессіз күн! Ол - қайта өмірге келу. Жаңғыру. Ұлттық ояну!

Сурет: ҚР Орталық коммуникациялар қызметінен алынды.

Асыл текті Алаш жұрты! Қадірлі Abai.kz ақпараттық порталының оқырмандары!

Бүгін Тәуелсіздік күні! Ғасырлар бойы біресе патшалық Ресейдің, біресе Кеңестік Ресейдің боданында рухы жаншылып, ұлттық бет-әлпетінен түп-түгел айрылудың аз-ақ алдына жеткенде, қолдан ашаршылық ұйымдастырып, репрессия жүргізіп миллиондаған қазақты қасақана қырып салған қанды жүйе, қызыл кісеннен құтылып шыққанымызға тұп-тура 33 жыл. Барша қазақ жұртына ғасырлар бойы аңсаған, дүниедегі теңдессіз күн - Тәуелсіздік күні құтты болсын айтамыз!

Тәуелсіздік - жүздеген жылдар бойына жанкештілікпен, қайсарлықпен жүргізілген қанды шайқастардың, қазақтың қанымен, көз-жасымен келген аяулы да, ардақты, екі дүниедегі баға жетпес байлығымыз!

Тәуелсіздік - қайта өмірге келу. Жаңғыру. Ұлттық ояну. Және Тәуелсіздіктің бағасына жетіп, оны аялай білу.

Құрметті, асылтекті Алаштың мәңгі жасар ұрпағы! Ұлы даламыздағы ең ұлы мерекеміз - Тәуелсіздік күні ел мен жердің ырысы молайсын!

Тәуелсіздік үшін күрес бір сәтке де тоқтаған емес! Тоқтамайды да! Өйткені, Азаттықтың әр таңы Алаш баласынан қадіріне жетуді, қажет болса, қасық қаны қалғанша қорғауды талап етеді. Тәуелсіздіктің туын тік ұстап, ұрпақтарға аманаттап отыру исі қазақтың қасиетті парызы екенін әрбір қазақ естен шығармауы тиіс!

Азаттық үшін күрескен азаматтардың рухына мың тағзым!

Ең ұлы мерекеміз - Тәуелсіздік күні құтты болсын! Тәуелсіздік күні барша Алаш баласына құтты болсын! Бостандық баянды болғай!

Abai.kz

28 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1958