Жұма, 10 Қаңтар 2025
Арылу 382 2 пікір 9 Қаңтар, 2025 сағат 15:57

Еліміздегі ең ірі жер иеленушілер қайда тұрады?

Сурет: latifundist.com сайтынан алынды.

Қазақстандағы ең ірі жер иеленушілер туралы мәліметтер елдегі жер қатынастарының күрделі әрі қызық көрінісін аша түсті. Бұл туралы «EGEMEN FINANCE» телеграм арнасы жазды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеген деректерге сүйенсек, елдегі ең ірі латифундистердің жерлері негізінен Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында шоғырланған.

Министрліктің мәліметінше:

- Солтүстік Қазақстан облысындағы бір заңды тұлға 25,3 мың гектар егістік жерге иелік етеді.

- Қостанай облысындағы тағы бір заңды тұлғаның меншігінде жалпы ауданы 177,8 мың гектар болатын жер бар. Оның ішінде 116,4 мың гектары – егістік, ал 57,4 мың гектары – жайылым.

- Солтүстік Қазақстан облысындағы тағы бір заңды тұлға 39,7 мың гектар егістік жерді басқарып отыр.

Бұл көрсеткіштер таңғалдырмай қоймайды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жеке тұлғалар 35 мың гектардан, ал заңды тұлғалар 51 мың гектардан артық жер рәсімдей алмайды. Алайда, бұл шектеу 2021 жылы қабылданғаннан кейін ғана күшіне енді. Демек, аталған ірі жер иеленушілер бұл жерлерді шектеу енгізілмес бұрын алғандықтан, заң оларға әсер етпейді.

Тағы бір маңызды дерек – қазіргі таңда Қазақстанда 1 299 жеке тұлға 35 мың гектардан астам, ал 612 заңды тұлға 51 мың гектардан артық жерге иелік етеді. Мұндай көлемдегі жерді тиімді пайдалану мәселесі күн тәртібінде тұр. Осыған байланысты жерді түгендеу жұмыстары жүргізіліп, олардың қаншалықты тиімді игеріліп жатқаны анықталмақ.

Abai.kz

2 пікір