Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
Әдебиет 2835 16 пікір 11 Қаңтар, 2025 сағат 21:22

Дулат Исабеков. Мұхаңның рухы шат болсын!

Сурет: sn.kz сайтынан алынды.

ҚР Еңбек ері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы Дулат Исабеков қаламдас әріптесі Мұхтар Мағауиннің қайтыс болғанына орай, марқұмның отбасына, ормандай көп оқырманына көңіл айтты.

Дулат Исабеков:

– Рас, Мұхаң екеуіміз кейбір мәселелерде көзқарасымыз сәл үйлеспей, келіспей қалған кездеріміз болды. Бірақ онда тұрған ештеңе жоқ. Пікір қайшылығы деген бола береді. Бастысы, Мұхтар Мағауин – қазақ әдебиеті, қазақ руханияты үшін ғажап еңбектер жасап кетті. Бір ғана «Бес ғасыр жырлайдының» өзі неге тұрады? Сол заманда мұны ол жасамаса ешкім де жасамас еді. Зерттеу еңбектерінен бөлек, көркем шығармаларының өзі – ұлт тарихының үлкен галереясы. Бұлай өнімді еңбек еткен қаламгер бізде өте сирек. Иманы саламат, рухы шат болсын Мұхаңның!

Abai.kz

16 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 588
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 2561
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2331
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1416