Ресей Украинаға қандай талаптар қойды?
Давос форумы алаңында түрлі кездесулер өткізіп жатқан Украина президенті Зеленский Ресей мен Украина арасында Түркияда 2022 жылы өткен келіссөздерге тоқталып, Ресей билігінің Украинаға қойған талаптарын айтыпты.
РЕСЕЙ УКРАИНАҒА ҚАНДАЙ ТАЛАПТАР ҚОЙДЫ?
Бірінші: Зеленскийдің президенттіктен кетуін талап етті. Орнына президенттікке Путиннің досы (кумы) Медвечукті қою туралы талап;
Екінші: Құжат бойынша да, Халықаралық шеңберде де Донбассты Ресей жері деп мойындау туралы талап;
Үшінші: Киевтің орыс тіліне қатысты саясатын өзгерту туралы талап;
Төртінші: Конституцияға өзгеріс енгізіп, мемлекеттің бейтарап статусын бекіту туралы талап;
Бесінші: Әскер санын 50 мыңға дейін азайту, 20 шақырымнан арыға соққы жасайтын барлық қаруды жоюды немесе оларды Мәскеуге беру туралы талап.
«Бұл келіссөз емес! Бұл – қанышердің ультиматумы! Егер Украина бұларды орындаса, Украина деген ел түбімен жойылар еді!», - деді Зеленский.
Abai.kz