Сенбі, 19 Сәуір 2025
Әттең... 1325 0 пікір 27 Қаңтар, 2025 сағат 17:02

Жеңілдіктер жойылады: АҚШ-тағы Елшілік үндеу жасады

Сурет: 7kun.kz

Елшілік АҚШ-та шекара қауіпсіздігін нығайтып, заңсыз көші-қонды азайтуға бағытталған көші-қон саясатын қатаңдатуға назар аударылғанын атап өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Америка билігі қабылдаған шаралар елге заңсыз келген АҚШ-тағы шетелдіктер мен мигранттарға қатысты болып отыр.

Қамауға алу және АҚШ-қа қайта кіруге шектеу қойылған елден шығару сияқты мәжбүрлеу шараларымен қатар әлеуметтік төлемдер, жұмысқа рұқсат беру құжаттары және басқа да жеңілдіктер жойылады, - делінген хабарламада.

АҚШ билігі елде болу үшін заңды негіздері жоқ шетелдік азаматтарға АҚШ аумағынан өз еркімен кетуге мүмкіндік береді.

ҰЛЫ ДЕПОРТАЦИЯ

Трамп әкімшілігі күн сайын әскери ұшақтармен елден заңсыз иммигранттарды шығаруды жоспарлап отырғаны бұған дейін хабарланған еді. Бұл туралы АҚШ шекаралық қауіпсіздік басқармасының басшысы Томас Хоман мәлімдеген. Бұл «Америка Құрама Штаттарының тарихындағы ең үлкен депортация операциясы» болмақ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2043
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4901
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4102