Бейсенбі, 30 Қаңтар 2025
46 - сөз 696 0 пікір 28 Қаңтар, 2025 сағат 14:12

Дау: Дания Гренландияны АҚШ-қа бермейді...

Сурет: washingtonpost.com сайтынан алынды.

Данияның премьер-министрі Фредериксен бүгін АҚШ президенті Трамптың Гренландияны «қосып алу» ниетіне тосқауыл қою мақсатында Германияға, Францияға және Еуропалық Одаққа барады, Трамптың Данияның автономиялық аумағына деген «құштарлығымен» күресу үшін еуропаны бірлікті нығайтуға шақырады.

Дания үкіметі дүйсенбіде Арктика мен Солтүстік Атлантика аймақтарындағы қауіпсіздікті нығайту үшін 2 миллиард еуро инвестиция салатынын хабарлады. Ол дүйсенбіде сөйлеген сөзінде «Еуопаның қауіпті кезеңде тұрғанын, соғыс пен күрделі геосаяси жағдайда Еуропа елдерінің ерекше ынтымақты болуы керектігін» айтқан еді. ЕО-ның Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Каллас дүйсенбі күні ЕО Гренландия мәселесі бойынша келіссөз жүргізбейтінін мәлімдеді.

Фредериксен сапары барысында Германия канцлері Олаф Шольцпен, Франция президенті Эммануэль Макронмен және НАТО бас хатшысы Марк Рюттемен кездеседі.

Трамп пен Фредериксен өткен аптада 45 минут телефон арқылы сөйлесті. Фредериксен Гренландияның сатылмайтынын және оның болашағының өзі шешілуі керектігін баса айтып, бұл орайда АҚШ-тың «үлкен мүддесі» бар екенін атап өтті. Көптеген дереккөздерге сәйкес қоңырау «ұзақ және батыл» сипатта өткен.

Гренландия Дания Корольдігінің бөлігі қарайды, бірақ жоғары автономияға ие. Оның ішкі істерінде толық дерлік автономия бар, бірақ сыртқы және қорғаныс істері Данияның орталық үкіметінің жауапкершілігі болып қала береді. Гренландияның  «сатылмайтынын» Дания үкіметі үнемі айтып келеді.

Abai.kz

0 пікір