Жұма, 7 Ақпан 2025
Айқай 166 0 пікір 7 Ақпан, 2025 сағат 15:01

Әзербайжан Ресейді сотқа бермек...

Сурет: massaget.kz сайтынан алынды.

Әзербайжан Ақтау маңында құлаған Azerbaijan Airlines (AZAL) әуекомпаниясының жолаушы ұшағы апатына байланысты Ресейді халықаралық сотқа беруге "дайындалып жатыр". Бұл туралы Әзербайжанның "АПА" ақпарат агенттігі хабарлады. Мәліметке қарағанда, Баку "фактілер мен айғақтар жинап жатыр".

Әзербайжан билігі Қазақстанның көлік министрлігі ұшақ апаты жайлы алдын ала есепті жарияланғаннан кейін де Ресей тарапының оқиғаға "біржақты пікір беруді" жалғастырып жатқанына наразы.

Баку "ресейлік шенеуніктер, сарапшылар мен бұқаралық ақпарат құралдары оқиғаға [Ресейдің] қатысы бар екенін жоққа шығаруды жалғастырып, кінәні экипаждың мойнына ілгісі келіп отыр" деп есептейді. Биліктің пікірінше, Ресейдің мұндай тактикасы 2014 жылы ресейлік "Бук" зенит-зымыран кешені Донбасс аспанында атып құлатқан малайзиялық Boeing 777 жолаушы ұшағы апатын еске түсіреді.

AZAL ұшағына қатысты бұйрық берген және оны атқан адамдар, сондай-ақ қару түрі туралы ақпарат Әзербайжан билігінде бар деп жазды "АПА" агенттігі. Әзербайжан тарапын Мәскеудің "тергеуді басқа бағытқа бұруға және кінәні экипажға артуға" деген талпынысы "қынжылтады" дейді басылым.

"Әзербайжан шарттары мен талаптарын жоғары деңгейде көрсетті", – делінген ақпаратта. Баку "Ресеймен диалогқа есік ашық" деді: "Мәскеу кінәсін ашық мойындап, жауапкершілікті мойнына алуы керек.

Abai.kz

0 пікір