Сейсенбі, 25 Ақпан 2025
Қылмыс 193 0 пікір 24 Ақпан, 2025 сағат 17:06

Жасырын жүгі бар жол сөмкесі: есірткі таратушы сотталды

Сурет: astana.sud.kz сайтынан алынды.

Ұлытау облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты ҚР азаматына қатысты үкім шығарды. Ол есірткі затын – «гашишті» заңсыз өңдеу, сақтау, тасымалдау және аса ірі көлемде сату бойынша айыпталған.

Сотталушы тыйым салынған затты тұрмыстық жағдайда дайындап, кейін оны жол сөмкесіне жасырып, жолаушылар пойызымен Жезқазған қаласына жеткізген. Ол есірткіні кейін сатуды жоспарлаған.

Сот барысында прокурор айыпталушының кінәсін дәлелдейтін бұлтартпас айғақтар ұсынды. Құқық қорғау органдарының жедел жұмысының арқасында Ұлытау облысы аумағында шамамен 5 килограмм гашиштің таралуына жол берілмеді.

Сот сотталушыға 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Abai.kz

0 пікір