ХОК World Boxing федерациясын уақытша мойындады...

26 ақпанда Халықаралық Олимпиадалық комитеті (ХОК) World Boxing халықаралық федерациясын уақытша мойындағанын ресми түрде жариялады.
Бұл шешімге Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті, World Boxing Олимпиадалық комиссиясының төрағасы Геннадий Головкин пікір білдірді.
ХОК-нің уақытша мойындауы – маңызды жетістік және біздің спорт дұрыс бағытта дамып жатқанын көрсетеді. Бұл шешім боксты Олимпиада ойындарында сақтау жолындағы мақсатымызды тағы бір қадам алға жақындатады.
Мен World Boxing-ті қолдайтын барлық адамдардың үздіксіз еңбегінің арқасында осындай нәтижеге қол жеткізгенімізге қуаныштымын. Болашақ спортшылар мен болашақ чемпиондар үшін біздің ортақ мақсатымыз – адалдық пен бейтараптық қағидаттарына негізделген Халықаралық федерация құру.
Барлық мақсаттарымызға жету үшін әлі де көп жұмыс істеуіміз керек, сондықтан біз осы жетістігімізбен шектелмейміз.
Abai.kz