Сәрсенбі, 12 Наурыз 2025
Анық 136 0 пікір 12 Наурыз, 2025 сағат 15:15

Шерзат Болат ісі: Материалдар осы аптада сотқа түседі

Сурет: qaz365.kz сайтынан алынды.

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Талғарда кісі қолынан қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Болаттың ісі бойынша материалдар алдағы күндері сотқа жіберілетінін айтты.

Шерзаттың ісі прокуратурада қаралуда. Алдағы күндері, осы аптада іс сотқа келеді деп күтеміз. Олар негізгі сот ісін жүргізетін судьяны анықтайды. Кейіннен сот түсініктеме берсе дұрыс болады деп ойлаймын, - дейді Санжар Әділов.

Министрдің орынбасары ол негізгі сот талқылауы қашан басталатынын нақты айта алмады.

Санжар Әділов сонымен қатар, Шерзат Болаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың ісі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын, ол істе ешкім күдікті ретінде танылмағанын айтады.

Abai.kz

0 пікір