БҚО-да төртінші мәрте дронға ұқсас зат табылды

Дрон бөлшектеріне ұқсас заттар тағы да Батыс Қазақстан өңірінен, елді мекеннен аулақта табылған. БҚО полициясы уәкілетті органдармен бірлесіп "Жәнібек ауданынан табылған ұшқышсыз ұшу аппаратының бөлшектеріне ұқсас заттарды тексеру шараларын жүргізіп жатқанын" айтты.
Ресеймен шектесетін БҚО аумағында биыл осымен төртінші рет кімге тиесілі екені белгісіз ұшу аппараты табылып отыр.
24 наурызда Жанібек ауданы аумағынан дрон бөлшектеріне ұқсас заттар табылған.
18 наурызда тағы бір дрон Тасқала ауданы аумағына құлағанын Атамекен ауылының тұрғындары хабарлаған. Заттың ұзындығы – 300 см.
18 ақпанда Бөкей ордасы ауданы Ұялы ауылының маңына ұшатын аппарат құлаған.
Құзырлы орындар бұл оқиғаларға байланысты әлі күнге дейін қоғамға толымды ақпарат бермей отыр. 26 наурызда Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Азаттық Азия агенттігінің сұрағына берген жауабында "барлық фактілер бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын" ғана айтты.
Дереккөзі: Азаттық радиосы
Abai.kz