«Бишарашки в Тайланде», ALEM және Даниэль Канеман: наурыздың үздік фильмдері, тректері мен кітаптары

Қазақстандықтар наурызда не тыңдады, не оқыды, не көрді — басты мәдени трендтер.
Наурыз аяқталды, демек, өткен айды қорытындылап, қазақстандықтар қандай музыка тыңдап, қандай кітап оқып, қандай фильмдер көргенін еске түсіретін уақыт келді. Яндекс Плюс наурыз айында жазылушылар арасында танымал болған тректер, кітаптар мен фильмдердің үздік топтамасын дайындады.
Яндекс Музыкада не тыңдалды?

Сурет: Яндекстен алынды.
Қазақстандық тыңдармандардың музыкалық талғамын Суперлонч — демалыс күндеріндегі ең көп тыңдалған жаңалықтардың апталық тізімі арқылы көруге болады.
Наурыз айында Суперлонч көшін 41 қазақстандық орындаушы бастады. Ал айдың соңғы аптасында тыңдармандардың сүйіктілері:
- ALEM с треком «ELESTET»
- De lacure, V $ X V PRiNCE — «AKETESIN»
- M'Dee, Ayau и Rusha — «Как дома»
Суперлонч плейлисті Яндекс Музыка қосымшасында және десктоп-нұсқасында басты беттен табылады.
Яндекс Кітаптарда не оқылды?
Кітап оқу — қазақстандықтардың күнделікті өміріндегі маңызды элемент. Наурызда жазылушылар іскерлік әдебиеттер мен көркем шығармаларды қатар таңдады.
Айдың ең танымал кітаптары:
- Даниэль Канеман — «Думай медленно... Решай быстро»
- Ю Джин Пом — «Ресторан 06:06:06»
- Марғұлан Сейсембай — «Миссия выполнима. Технология счастливой жизни»
- Евгения Сихимбаева — «20 обычаев Казахстана»
Бұл кітаптар көшбасшылық, шешім қабылдау психологиясы, кәсіпкерлік пен ұлттық мәдениет тақырыптарын қамтиды.
Кинопоиск платформасында не қаралды?
Стримингтік сервис Кинопоиск наурызда ең көп қаралған фильмдер мен сериалдардың тізімін ұсынды. Үздік бестікке екі қазақстандық фильм енді:
«Qazaq Alemi»— Нұрлан Қоянбаевтың басты жаңа жылдық хиты. Ауылдан Алматыға арман қуып келген екі достың хикаясы.
«Келінжан 3» — танымал франшизаның жаңа маусымы. Басты оқиға — ауыл әкімін сайлауға қатысатын Мәдібек есімді кейіпкердің тағдыры.
«Телохранители»— комедиялық сериал. Екі боксшы танымал адвокатты қорғаушы болып жұмысқа орналасып, түрмеден құтылуға тырысады.
«Приключения Паддингтона 3»— Паддингтон аюының шытырман оқиғалары жалғасатын отбасылық фильм. Қазақ тілінде дубляждалған.
«Сен маған керексің»— суперқабілетке ие болған қарапайым электрик туралы фантастикалық экшн. Оған арнайы қызметтердің назары ауады.
Наурыз айының статистикасы көрсеткендей, қазақстандықтар алуан түрлі контентті таңдады. Отандық орындаушыларға, кітаптарға және фильмдерге қызығушылық артып келеді. Цифрлық платформалар онлайн-контент тұтыну мәдениетін дамыта түсуде.
Сәуірде Кинопоиск платформасында не көруге болады?
Бұл айда видеосервис түрлі жанрдағы жаңа фильмдермен толықты — қазақстандық комедиялардан бастап, культтік анимелер мен жаңа сериалдарға дейін. Назар аударуға тұрарлық туындылар:
«Бишарашки в Таиланде» — кәсіпкер Байтемірдің отбасына қатысты оқиғалардың жалғасы. Бұл жолы олар Таиландқа барады.
«Кеттік бәрін таста»— екі актер сәтсіздіктің салдарынан еңбек құлдығына тап болады. Қайрат Әділгерей түскен эксцентрлік комедия.
«One Punch Man» (1–2 маусым) — кез келген қарсыласын бір соққымен жеңе алатын суперқаһарман туралы культтік аниме.
«Чёрный клевер» (1–4 маусым) — бірі сиқыр патшасы болуға уәде еткен екі дос жайлы аниме.
«Между нами химия»— ауыр дертке шалдыққан әйелдің балаларын кімге тапсыратынын шешуге тырысуы жайлы драмеди.
«Беспринципные в Питере»— Мәскеудің бай, ерке тұрғындарының Санкт-Петербургтегі оқиғалары.
«Челюскин. Первые»— аты аңызға айналған мұзжарғыш «Челюскин» экипажының ерлігі жайлы тарихи драма.
Мамырда тағы қандай хиттер шығады? Уақыт көрсетеді!
Abai.kz