Жексенбі, 3 Мамыр 2026
Анық 5451 0 пікір 26 Сәуір, 2025 сағат 02:40

SCAT әуе компаниясына айыппұл салынды

Сурет: qaz365.kz сайтынан алынды.

SCAT әуе компаниясына жолаушылардың құқықтарын бұзғаны үшін айыппұл салынды.

Ағымдағы жылдың 25 ақпанында «Өскемен– Астана» рейсінің жолаушылары ұзақ кешігудің кепіліне айналды: күндізгі уақытта рейстің кешігуі сегіз сағаттан артық болғанына қарамастан, әуе компания оларды қонақ үйде уақтылы орналастыруды қамтамасыз етпеген.

Тек кешкі сағат онға қарай кезекші прокурордың араласуынан кейін жолаушыларға демалуға орын берілді. Адамдар күні бойы әуежайда тиісті қызметсіз ұшуды күтті.

Шығыс Қазақстан көлік прокуратурасы азаматтардың құқықтарының бұзылуына ден қойды. Тексеру қорытындысымен авиакомпания әкімшілік жауапкершілікке тартылды – ҚР ӘҚБтК-нің 567-бабының 2-бөлігімен 1000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 1173
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 920