Сейсенбі, 6 Мамыр 2025
Жаңалықтар 170 0 пікір 6 Мамыр, 2025 сағат 13:39

Тоқаев Ақордада Вьетнам басшысын қарсы алды

Сурет: Ақорда сайтынан алынды

Ақордада Вьетнам Коммунистік партиясы ОК Бас хатшысы То Ламды салтанатты қарсы алу шарасы өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы ОК Бас хатшысы То Ламды Ақордада қарсы алды.

Салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеп, оның бастығы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді.

Кейін Президенттік оркестр екі елдің мемлекеттік гимнін орындады.

Әнұранды тыңдап болғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Вьетнам Коммунистік партиясы ОК Бас хатшысы То Лам кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүрді.

Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді.

Вьетнам басшысы Президенті құрметті қарауыл бастығымен қоштасып, Қазақстан Президентімен шағын құрамдағы кездесуге өтті.

Одан кейін президенттер отырыс залына қарай бағыттады.

Сапар аясында жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылмақ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 1756
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 1947