Сенбі, 22 Тамыз 2026
Жаңалықтар 308 0 пікір 21 Тамыз, 2026 сағат 21:13

Алматының мәдениет, ғылым, бизнес және жастар қауымдастығы сайлауға белсенді қатысуға шақырды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінен алынды.

Бүгін Мемлекет басшысы барлық азаматтарды, әсіресе жастарды сайлауға қатысып, Қазақстанның одан әрі табысты дамуына өз үлесін қосуға шақырды.

Алматыда мәдениет қайраткерлерінен, ғалымдардан бастап кәсіпкерлерге, жастар мен ардагерлерге дейінгі түрлі мамандық иелері мен әр буын өкілдері Президенттің үндеуін қолдап, қала тұрғындарын 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысуға және азаматтық белсенділік танытуға шақырды.

Белгілі тұлғалар, қаланың ардагерлер қауымдастығы, этномәдени бірлестіктердің өкілдері сайлауға қатысу азаматтық жауапкершіліктің және елдің қоғамдық-саяси өміріне бейжай қарамаудың маңызды көрінісі екенін атап өтті.

Алматы Қоғамдық кеңесінің мүшелері де тұрғындарды сайлауға белсенді қатысуға үндеді.

«Жаңа адамдардың, жаңа саясаткерлердің келіп жатқанын, саяси бәсекелестіктің жаңа мәдениеті қалыптасып, пікірсайыстардың өтіп жатқанын көріп отырмыз. Азаматтық қоғам өкілі ретінде бұл маған үлкен үміт сыйлайды», – деді Алматы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Дмитрий Лактюшин.

Дауыс беруге қатысу жөніндегі өз ұстанымдарын құрылыс және қонақүй бизнесінен бастап консалтинг пен көлік саласына дейінгі түрлі бағыттардың танымал өкілдері ашық білдірді.

Қаланың кәсіпкерлері мен бизнес қауымдастығы да алдағы сайлауды белсенді қолдауда. Ортақ үндеуге ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың еңбек ұжымдары мен бизнес өкілдері де қосылды.

Бастаманы ғылыми-сарапшылық қауымдастық та қолдады. Ғалымдар азаматтарды сайлау үдерісіне жауапкершілікпен қарауға шақырды. Үндеуге спорт қауымдастығының өкілдері де қосылды. Танымал спортшылар алматылықтарды 23 тамызда сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасауға үндеді. Сондай-ақ белгілі альпинист азаматтық белсенділіктің маңызын атап өтіп, үндеуді қолдады.

Бұл ойды құрылыс саласының қызметкерлері де жалғастырды. Қаланың дамуына, жаңа тұрғын үйлер мен заманауи инфрақұрылым құрылысына күн сайын үлес қосып жүрген ірі құрылыс компанияларының мамандары сайлауға қатысуды елдің және өсіп келе жатқан ұрпақтың болашағына деген жауапкершіліктің бір көрінісі деп атады.

Бастамаға қызмет көрсету, сауда саласының өкілдері мен қоғамдық көлік жүргізушілері де қосылды. Сонымен қатар мегаполис көшелерінде күн сайын еңбек ететін курьерлер мен жас мопед жүргізушілері де өз үндеулерін жолдады. Қоғамдық тамақтандыру, сервис және шағын бизнес саласының қызметкерлері азаматтық белсенділік адамның мамандығына немесе әлеуметтік мәртебесіне қарамастан барлығын біріктіретінін атап өтті.

Жастар мен блогерлер де тұрғындарды сайлауға қатысуға креативті түрде шақыруды жалғастыруда. Жас шоумендер танымал ән әуеніне бейнеролик түсіріп, музыка мен әзілді азаматтық таңдау жасауға үндейтін үндеумен ұштастырды.

Әртүрлі буын, мамандық және сала өкілдерін бір ой біріктіреді: қоғам өміріне қатысу әр азаматтың жеке таңдауынан басталады.

23 тамыз – таңдау күні. Әр дауыс маңызды. Алматы өз таңдауын жасайды.

Abai.kz

0 пікір