Бейсенбі, 8 Мамыр 2025
Жаңалықтар 569 0 пікір 7 Мамыр, 2025 сағат 17:46

Қарағандыда дәстүрлі «Жеңіс күні» республикалық турнирі 26 рет өтуде

Суреттер: Қарағанды облысы әкімдігінен алынды.

Еркін және әйелдер күресінен Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған біріншіліктің салтанатты ашылуы 7 мамыр күні Қ.Нұржанов атындағы жеңіл атлетика манежінде өтті.

Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен 150-ден астам ұлдар мен қыздар (2009-2011 ж.т.) қатысады.  Жарысты ұйымдастырушылар-Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы және «Дәулет» күрес түрлері бойынша ОРОМБЖМ.

- Бұл жаңадан бастаған балуандар үшін өте маңызды біріншілік. Қазір көптеген танымал спортшылар өздерінің табысқа жету жолын осы жарыстардан бастады.

Мұнда ел чемпионатына қатысатын  құрама командаларға  балалар іріктеледі. Ең бастысы, бұл турнир спортшылар арасында танымал әрі маңызды болып қана қоймай, сонымен бірге осындай ұлы мереке – Жеңіс күніне арналғандықтан тәрбиелік мәні зор. Балалар соғыс батырларын бір минут үнсіздікпен еске алды, осы сәтте әр балада арғы аталары үшін, бейбіт елі үшін патриотизм мен мақтаныш сезімдері пайда болатынына сенімдімін, - деп, атап өтті халықаралық санаттағы төреші, еңбек сіңірген спорт шебері, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Александр Алексеевич Мыцык.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 1937
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 2632