Қырғыздар 15 жылдан кейін қазақша сөйлеуі мүмкін - қырғыз IT маманы

Қырғыздар 15 жылдан соң қазақ тілінде сөйлеп, жаза бастауымыз мүмкін. Уикипедияшы Чоробек Сааданбеков осылай деп өз аудиториясына уайымын айтты.
Сааданбековтың айтуынша, ChatGPT-ден бір нәрсені қырғыз тілінде сұрағанда, жүйе кейде жауаптың арасына қазақша сөздерді қосып жібереді. Өйткені ChatGPT-тің қорында қазақ тіліндегі мәтін мен сөздердің көлемі әлдеқайда көп. Жүйе қырғыз тілін таппай қалғанда қазақ тілінен алады.
Желіде қырғыз тілінің дамуына көп көңіл бөлмесек, 15 жылдан соң қазақша сөйлеп қаламыз, қазақша жазып қаламыз. Оны өзіміз де сезбей қаламыз. Біз мына жақтан қанша концепция жазғанымызбен, ChatGPT қырғызшаның орнына қазақша мәлімет бере бастаса, ақырында сіңіп кетеді, көп кісі айырмашылығын байқамайды, – деді Сааданбеков.
Qaz365.kz дереккөзі
Abai.kz