Таразда депутатты соққыға жыққан кімдер?

Таразда Алматы облысындағы аудандық мәслихат депутатын соққыға жыққаннан кейін қылмыстық іс қозғалды.
Депутат бет сүйектерінің сынуы салдарынан ауруханаға түсті.
Таразда Іле аудандық мәслихатының депутаты Нұрлан Байғазиевке жасалған шабуылдан кейін қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Оқиға 13 мамырда полиция департаментінің жанындағы дәмханада болған. Taraznews.kz-тің жазуынша, депутатқа, алдын ала мәлімет бойынша, кастетпен соққы жасалған.
Telegram-дағы "За нами приехали" арнасының хабарлауынша, Байғазиев бет сүйегінің сынуымен ауруханаға жеткізілген, бірақ госпитализациядан бас тартқан.
Қазір бұл іс "бұзақылық" бабы бойынша тергеліп жатыр. Күдікті анықталып, полицияға жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Abai.kz