Сәрсенбі, 24 Маусым 2026
Мәдениет 143 0 пікір 24 Маусым, 2026 сағат 13:29

Жақсылық Мұратбектің «Императордың емі» драмасы хақында

Сурет: massaget.kz сайтынан алынды.

Жазушы, драматург, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жақсылық Мұратбектің «Императордың емі» драмасына тән ерекшеліктер – қоп-қою конфликт, интрига, перипетия, жинақы сюжет, талас-тартыс үстінде ашыла түсер характер, финалдың әркез тосын түйінделуі, қаһармандардың қайталанбауы, формалық ізденіс, мазмұндылық. Автор өмірдегі қилы-қилы құбылыстарды сырттай бақылап қана қоймай, оны өз дүниетанымы арқылы да өткізеді. Әр көркем туынды – аяқталған, бас-аяғы бүтін дүние. Сонымен қатар, оны байланыстырып тұратын тұтас желі болмақ. Осы оймақтай драмадағы Императордың орны бөлек. Ал, сонымен қатар сарай маңындағы кейіпкерлер: бас уәзір, Емберген, саудагер, емші, бақсы, т.б. арқылы автор биліктің баянсыз екенін, сусымалы екенін емеурінмен аңғартады.

Драматургия тарихи даму үстіндегі феномен екенін ескерсек, қазақтың алғашқы драмасынан бастап, Тәуелсіздікке шейінгі аралықтағы бұл жанр тұрақты белгілерін сақтай отыра, әр кезеңде түрлі трансформацияға ұшырағаны сөзсіз. М.Бахтин жанрдың жаңаруы туралы ойын былайшатүйіндейді: «Жанр возрождается и обновляется на каждом новом этапе развития литературы и в каждом индивидуальном произведении данного жанра... Жанр живет настоящим, но всегда помнит свое прошлое». Бұл ретте,Жақсылық Мұратбектің аталмыш комедиясы күлдіріп отырып, ойландырады.

Көркем кеңістік – патша сарайы. Мұнда субъект өзді-өзін және қоршаған ортаны таниды. Кеңістікті толтырған барлық атрибут – феноменология тұғыры. Семиотик, мәдениеттанушы, структуралист Юрий Лотман осы жөнінде: «Семиотика пространства имеет исключительно важное, если не доминирующее, значение в создании картины мира той или иной культуры» деген болатын. Уақыт пен кеңістікегіздің сыңарындайауқымы кең ұғымдар, бірінен-бірі ажырағысыз субстанциялар. Көркемәдебиетуақыт пен кеңістіктің шап-шағын моделі. Басқа өнер түрінеқарағанда, әдебиет уақыт-кеңістік категориясымен еркін байланыста. Бірмезгілде бір кеңістіктен екінші кеңістікке ауысып кету мүмкіндігі бар, бұныдраматургияда «переход» дейді, бір уақиғаны екінші уақиға, бір көріністіекінші көрініс, бір сахнаны екінші сахна алмастырады. Уақыт-кеңістік категориясы автор дүниетанымын, стилін қалыптастыруда зор рөл атқарады, сол негіздегі жаһанның жеке авторлық суретін түзу ерекшелігін, шығарманың ішкі заңдылықтарын айқындайды, оның композициялық тірегі боп, бейнеашылуының ішкі ұйымдастырушысы функциясын атқармақ. Уақыт пен кеңістікті зерттеу туынды тініне бойлай отыра, оның құрылу спецификасын, жазушының дүние турасындағы концепциясын  айқындауға мүмкіндік береді. Аталған кеңістіктің ауқымы кеңейіп, уақиғадан да тыс көп дүниелерді қамтуы мүмкін. Әр қаламгер – eң әуелі өз халқының үнiн, oның тapиxындaғы eң өзекті деген мәceлeні қарақты көзге көpкeмдiк тұрғыдан өpнeктeй өрбіте oтыpып жeткiзуге асығады. Халық көкeйіндегісін тап басып тану – әрқай қалам иесінің aбыpoйлы міндеті. Тiптен, бұл – тек aбыpoйлы ғaнa eмec, сонымен қатар Алаш жұрты aлдындaғы пepзeнттiк бopышы. Тегінде, жазушы атаулысына тән басты ерекшелік – оның өзіндік тіл өрнегі мен сөз саптау шеберлігімен үндес келген қайталанбас қолтаңбасы. Жақсылық Мұратбекбұл драмасында әдеби кейіпкерлер іс-әрекетін, ұмтылыс, құлшыныс, ниет-пиғылын, ішкі ой-толғанысын тереңінен толғай отыра, әлеуметтік ортаның қарама-қайшылығын, қарым-қатынасын, сан түрлі көзқарасы мен өмір заңдылықтарын тамыршыдай тап басады. Бұл жерде қаһармандар қақтығысымен қатар, олардың рухани әлеміндегі ой мен сезім қайшылықтарына да басымдық берілген. Жазушы сұлу сөз қумайды, керісінше кейіпкер жанының динамикасын, құрылымын, интонациясын айқындауға күш салады. Шығарма басындағы кейіпкерлердің аяғына қарай мінез-құлқы айтарлықтай өзгеріске ұшырайды. Себебі, автор оларды өсіруді көздейді. Осы тұрғыдан келгенде, автордың «Императордың емі» комедиясы ҚР Президенттік стипендиясына лайықты.  

Әлібек БАЙБОЛ,

Қазақстан Жазушылар одағының

мүшесі, жазушы-драматург,

әдебиеттанушы, сыншы, алаштанушы.

Abai.kz

0 пікір