Стамбұлда Ресей-Украина келіссөзі басталды

Келіссөздің басында Түркия сыртқы істер министрі Хакан Фидан сөйледі.
“Екі жол бар: бірі бейбітшілікке жетелейді, екіншісі бұдан да ірі зардаптарға соқтырады. Тараптар қай жолды таңдауды өздері шешеді” деді ол.
Бұған дейін Түркия жағының кіріспе сөзден кейін келіссөзден шығып кететіні хабарланған.
Келіссөз өтпей тұрып, ресейлік делегацияның жетекшісі Владимир Мединский АҚШ өкілдерімен кездескен. BBC-дің жазуынша, ол АҚШ-тың саясатты жоспарлау жөніндегі директоры Майкл Антонмен тілдескен. Олардың не жөнінде әңгімелескені әзірге белгісіз.
Abai.kz