Сейсенбі, 20 Мамыр 2025
Саңлақ 183 0 пікір 19 Мамыр, 2025 сағат 20:07

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Пара дзюдо: Астанада ұйымдастырылған пара дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс және 5 қола жүлде еншілеп, жалпыкомандалық есепте 4-орынға тұрақтады.

Көркем гимнастика: Сингапурда өткен көркем гимнастикадан Азия чемпионатында Айбота Ертайқызы топ жарды. Сондай-ақ Қазақстан командасы топтық сайыста да алтын және күміс жүлделерге қол жеткізді.

Шахмат: Біріккен Араб Әмірлігінің Әл-Айн қаласында өткен классикалық шахматтан Азия чемпионатында Ксения Балабаева қола медаль жеңіп алды.

Ауыр атлетика: Қытайдың Цзяншань қаласында мәресіне жеткен Азия чемпионатында Пётр Хребтов – қола медаль, Артём Антропов – күміс медаль олжалады.

Таэквондо: Біріккен Араб Әмірлігінің Фуджейра қаласында өткен таэквондодан (WT) жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жерлестеріміз ел қоржынына бес медаль (2 алтын, 1 күміс және 2 қола) салды.

Спорттық гимнастика: Словенияның Копер қаласындағы Challenge Cup кезеңінде Диас Тойшыбек топ жарса, Зейнолла Ыдырысов күміс жүлдеге қол жеткізді.

Теннис: Зарина Диас Жапонияның Куруме қаласында өткен әйелдер арасындағы ITF W50 турнирінде топ жарды. Ал ерлер арасында еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бублик Италиядағы челленджер турнирінің чемпионы атанды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2729
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4475