Сәрсенбі, 21 Мамыр 2025
Жаңалықтар 214 0 пікір 21 Мамыр, 2025 сағат 15:56

Қазақстан Еуропаға мұнай жеткізуден топ үштікке енді

Сурет: Егемен Қазақстан сайтынан алынды

Былтыр ЕО елдеріне тәулігіне импортталған 9,1 миллион баррель мұнайдың үлесінде Қазақстан да бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, ресми статистикамен еліміз Еуропалық Одаққа шикі мұнай экспорттаушы мемлекеттер арасында үшінші орынға тұрақтады. 

Шикі мұнай жеткізулердің ең үлкен көлемін АҚШ бастаған. Екінші орынға Норвегия жайғасқан. Бір қызығы, тізімде әртүрлі құрлықтағы мемлекеттер кездеседі.

Тізім келесідей: 

  • АҚШ – тәулігіне 1,40 млн баррель (15,4%);
  • Норвегия – 1,10 млн баррель (12,1%);
  • Қазақстан – 1,05 млн баррель (11,5%).

Мұнан өзге ең ірі жеткізушілердің тізімі былайша жалғасады:

  • Ливия – 0,67 млн баррель (7,4%);
  • Сауд Арабиясы – 0,66 млн баррель (7,2%);
  • Ирак – 0,57 млн баррель (6,3%);
  • Нигерия – 0,54 млн баррель (5,9%);
  • Бразилия – 0,45 млн баррель (4,9%);
  • Ұлыбритания – 0,41 млн баррель (4,6%).

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2776
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4514