«Қазмырышта» АҚШ-тан келген маман абайсызда алған жарақаттан қаза болды
Өскемен. 6 қазан. ҚазТАГ – «SNS Lavain» компаниясының супервайзері АҚШ-тың 52 жасар Лех Долеговски деген азаматы өндірістік мұнарадан люк арқылы түсіп келе жатып ауыр жарақат алды.
ШҚО төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, дүйсенбі күні сағат 16-ларда «Қазмырыштың» өскемендік металлургиялық кешенінде «SNS Lavain» компаниясының супервайзері Лех Долеговски ауа температурасының төмендігінен сыртын қаптау жұмысы тоқтатылған абсорбциялық мұнараға шыққан.
ТЖ департаментінен хабарлағандай, маман тілмашсыз және мердігерлік мекеме өкілінсіз өз бетімен әрекет жасаған. Ол тексеруін жүзеге асырған соң, люкпен кері түсіп келе жатып, 15 метр биіктіктен құлап кеткен. Алған жарақат өлімге соқтырды.