ҚР шекарашылары контрабандалық жүкпен шекарадан өтпек болған бес қазақстандықты ұстады
Астана. 7 қазан. ҚазТАГ – Шекара отрядтары Қазақстанның Ресеймен шекарасында мемлекеттік шекараны контрабандалық жүкпен заңсыз кесіп өтпек болған бес азаматты ұстады, деп хабарлады ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
6 қазанда «Бозбие» заставасының шекара отряды (Қостанай облысы) жүк көлігімен Ресейге бет алған төрт қазақстандықты ұстады. Көлікке 2 тоннаға жуық контрабандалық қара металл артылған болып шықты.
Бұдан басқа, 7 қазанға қараған түні петропавлдық шекара отрядының аумағында шекараны өткізу бекетінен айналып кесіп өтпек болған Қазақстан азаматы ұсталды. Ол ГАЗель көлігімен көрші мемлекетке жалпы салмағы 3 тоннаға жуық халық тұтынатын тауарларды әкеле жатқан.
Сәрсенбі күні таратылған хабарламада атап көрсетілгендей, бұл оқиғалар бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.