Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1905 0 пікір 23 Шілде, 2025 сағат 12:01

Алматы көшелерінің біріне Денис Теннің есімі берілмек

Сурет: inbusiness.kz сайтынан алынды.

Алматы қаласында ресми атауы жоқ 156 көшеге жаңа атау берілмек.  

Бұл туралы ұсынысты қала әкімдігі дайындап, мәслихаттың қарауына жолданды.

Ұсынылған атаулар қатарында 2018 жылы қаза тапқан қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің есімін беру ұсынылған.

Сондай-ақ көшелерге мынадай тұлғалардың есімдері берілуі мүмкін:

  1. Хо Ши Мин – вьетнамдық революционер әрі саяси қайраткер;
  2. Наталья Сац – әлемдегі алғашқы балаларға арналған музыкалық театрдың негізін қалаушы;
  3. Әбдуәли Қайдаров – қазақ тілін зерттеген танымал түркітанушы, ғалым.

Бұдан бөлек Алматыда Мұнара, Сарқырама, Құлын, Абыз, Сұңқар, Құдірет деген көшелер пайда болуы мүмкін.

Көше атауларын бекіту мәселесі тұрғындармен талқыланып, мәслихат депутаттарының қарауынан кейін сессия талқылауына шығарылып, соңғы шешім қабылданады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1346
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2922
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 999
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 931