Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1848 0 пікір 31 Шілде, 2025 сағат 20:02

2024 жылы ЖІӨ өсімі 5% құрады

Сурет: stat.gov.kz сайтынан алынды.
Нақтыланған деректер бойынша 2024 жылы ЖІӨ нақты көлем индексі 105% құрады. 
Өндірілген жалпы ішкі өнімнің көлемі 136,6 трлн теңге. ЖІӨ құрылымында тауарлар өндірісінің үлесі 35,9%, қызметтердікі – 58%. ЖІӨ өндірісіндегі негізгі үлес Өнеркәсіп саласына тиесілі – 26,1%.
Ең жоғары өсім Құрылыс (15,3%), Ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы (13,7%), Көлік және қойма (9,4%), Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу (8,9%), Өңдеу өнеркәсібі (6,8%) салалары көрсетті.
Жан басына шаққандағы ЖІӨ 2024 жылы 14 444,6 АҚШ долларын құрады.
Динамикада бақыланбайтын экономика үлесі 2020 жылғы 20,2%-тен 2024 жылы 16,7%-ке дейін төмендеген, оның ішінде заңсыз қызмет үлесі ЖІӨ-нің 1,18%.

 

ЖІӨ – нарықтық бағалардағы өндіруші-резиденттердің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі болып табылады. ЖІӨ-нің НКИ экономикада нақты кезеңдегі тауарлар мен қызметтер өндірісі көлемінің өзгерісін сипаттайды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 925
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2391
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 631
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 609