Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3435 0 пікір 8 Қазан, 2009 сағат 07:36

Назарбаев Астанадағы қызмет көрсету бағасының қымбаттығы мен сапасының төмендігін сынға алды

Астана.8 қазан. ҚазТАГ – Дина Ермағанбетова. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы қызмет көрсету бағасының қымбаттығы мен сапасының төмендігін сынады.

«Қонақ үйлері мен мейрамханалардағы баға тек шет елдіктерді ғана емес өзімізді де шошытады. Мұндай мекемелер негізінен орта классқа, яғни астанаға келетін көпшілік қонаққа арналған болуы керек», - деді ол бейсенбі күні өткен Астананы дамыту жөніндегі кеңесінде.

«Қонақ үйлердегі бағаның қымбаттығы, деді президент, бәсекелестіктің нашарлығын аңғартады. Оның пікірінше, бес жұлдызды қонақ үйлерінің орнына «орта буын өкілдеріне арналған, қымбат емес, бірақ ыңғайлы қонақ үйлерін салу керек».

Сонымен қатар Н. Назарбаев ұлттық тағамдары бар мейрамханалардың саны аздығын, және экскурсоводтардың дайындық деңгейінің төмендігін атап өтті.

«Кейде мен шетелдік мемлекет басшыларымен жүруіме тура келеді, ал экскурсоводттар не болса соны айтып жатады. Оларды дайындау керек. Ол өз нысандары мен мәселенің тарихын  жатқа білуі керек», - деді мемлекет басшысы.

Президент темір жол вокзалы мен әуежайдағы қызмет деңгейінің төмендігін атап өтті.

«Ұшақтардың кешігуіне байланысты көптеген шағым түсе бастады. Ұшақтар кешігеді, ал оның себебі мен ол туралы ақпарат берілмейді. Жолаушылар көптеп күтеді. Мұндай оқиғалар болмайтын, ал қазір неге олай?», - деп ашуланды ол.

Н. Назарбаев сондай-ақ астананың интернет-порталын да сынға алды.

«Тек кейбір беттері ғана қонақтар үшін пайдалы ақпарат береді. Сайт жартылай ағылшынша қойылған. Тіпті қала картасы да жоқ. Қалада өтіп жатқан мәдени-ойын- сауық шаралары туралы ақпарат алу тіпті қиын», - деп атап өтті президент.

Астана, деп ескертті ол, «бар әлемнің туристерін тартатын орталық» болуы тиіс.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371