Жұма, 15 Тамыз 2025
Жаңалықтар 139 0 пікір 15 Тамыз, 2025 сағат 16:01

ЛГБТ ұлт болашағына ҚАУІПТІ

Сурет: facebook.com/Маңғыстау Газеті сайтынан алынды.

Отбасы құндылықтарын бірінші орынға қоятын қазақ халқы үшін ЛГБТ– жат ұғым. Алайда әлеуметтікжелілердегі ақпараттың ашықтығы осы бір ұғымды кеңінен насихаттап, жастардың санасына кері әсерін тигізуде. Оған қоғам жанашырлары алаңдап, ұрпақ тәрбиесіне тигізер кері әсерін айтып, аталған кеселге тосқауыл қою үшін дабыл қағуда. Солардың бірі – Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин. Оның айтуынша, жасөспірімдер ЛГБТ туралы ақпараттың 73%-ын әлеуметтік желіден алып отыр. Сондықтан ол аталған ұғымды ашық және жанама жолмен насихаттауға үзілді-кесілді тыйым салу керек деп есептейді. Республика көлемінде осындай бастама көтеріп жүрген Мәжіліс депутатымен қоғамның дертіне айналған мәселе төңірегінде біз де сұхбаттасқан едік.

– Еділ Терекбайұлы, ЛГБТ тақырыбына алаңдаушылық білдіріп, дабыл қағып жүргеніңіз белгілі. Бұл еліміздің болашағы үшін қам жейтін әрбір азаматтың көкейінде жүрген мәселе деуге болады. Дау тудырып жүрген осы ЛГБТ идеологиясы ұлттымызға қандай зиян келтіруі мүмкін?

– Ұлтымыздың негізі – отбасы мен ұрпақ сабақтастығы. Дәстүрлі дүниетанымда ер мен әйелдің орны, олардың қоғамдағы және отбасындағы рөлі нақты анықталған. Бұл жүйеғасырлар бойы ұлттың әлеуметтік тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етіп келді. ЛГБТ идеологиясы осы құрылымды қайта қарастыруды ұсынады. Оның басты қаупі – жыныстық сәйкестік пен отбасы ұғымдарын бұрмалау арқылы ұрпақ жалғастығының табиғи негізін әлсірету. Әлемдік үрдіске көз жүгіртсек, мұндай идеологиялық ығысу жүріп жатқан елдердің басым бөлігінде демографиялық құлдырау байқалады. Мысалы, Еуропалық Одақта 2022 жылы орташа туу көрсеткіші– 1.53, ал Швеция, Испания, Италия сияқты ЛГБТ құқығы заңмен толық қорғалған елдерде 1.2–1.4 деңгейінде қалып отыр. Сондықтан бұл тақырып аясында де мографиялық және әлеуметтік құндылықтар ара сындағы байланысты тереңірек зерттеу қажет.

– Бұл идеологияның ұрпақ тәрбиесіне әсері қандай?

– ЛГБТ тақырыбы тек жеке еркіндік мәселесі емес, ол жасөспірімдердің психоәлеуметтік дамуына тікелей әсер етеді. АҚШ-та жүргізілген зерттеу бойынша ЛГБТ жастардың 41%-ы соңғы бір жылда суицид туралы ойлаған, 12%-дан астамы суицид жасауға талпынған. Бұл көрсеткіш гетеросексуалды жастармен салыстырғанда 6–8 есеге жоғары. Ал Канадада жүргізілген ұлттық зерттеуде ЛГБТ жастардың 25%-ы өз-өзіне қол салу идеясын қарастырған, ал гетеросексуалды жастар арасында бұл көрсеткіш 5% шамасында. Еліміздің сарапшылар мен мамандарының зерттеулері бойынша, сауалнамаға қатысқандардың дені ЛГБТ насихаты кәмелетке толмағандардың физикалық және психоэмоционалды дамуына теріс әсер етеді деп алаңдаған.

– Кейбір елдерде ЛГБТ қозғалысы экстремистік ұйым ретінде таныла бастады. Қазақстанда мұндай шешім қабылдануы мүмкін бе?

– Иә, кей елдерде бұл қозғалыс ұлттық құндылықтарға қауіп төндіреді деген негізде шектеліп отыр. Мысалы: Ресей Федерациясы 2023 жылы ЛГБТ қозғалысын экстремистік деп таныды. Бұл шешім «дәстүрлі отбасылық құндылықтарды бұзатын, ұлттың рухани іргесін шайқалтатын» қозғалыс ретінде қабылданды. Қырғыз Республикасында да бұл бағыттағы шектеу шаралары күшейтілуде. Қазақстан Конституциясының бірінші бабында еліміздің басты құндылықтары – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп көрсетілгенімен, бұл құқықтар қоғамдық тәртіппен ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтірмеуі тиіс (12бап, 5тармақ). Сондықтан Қазақстанда да бұл мәселе кеш болмай тұрғанда идеологиялық қауіп ретінде қарастырылуы тиіс. Өйткені қоғамды іштен іріту – жау сырттан келмей-ақ жеңетін тәсіл.

– Қазақстанда ЛГБТ идеологиясын қолдаушылар мен насихаттаушылар саны артып келе ме?

– Соңғы жылдары бұл тақырыпта әлеуметтік желілердегі белсенділік артты. CrowdTangle деректері бойыншаTikTok, Instagram және YouTube платформаларында ЛГБТны қолдайтын контент саны 5 жылда бірнеше есе көбейген. Қоғамдық ұйымдар мен медиа жобалар «толеранттылық» немесе «гендерлік теңдік» аясында ЛГБТ ұғымдарын жанама түрде насихаттап жүр. Қазақстанда ЛГБТ тақырыбына байланысты бірнеше қоғамдық ұйым, бастама топтар және медиа жобалар бар. Алайда, олардың нақты ресми тіркелу саны мен құрылымдық ахуалы туралы толыққанды ашық статистика мемлекеттік реестрде жария емес. «Өркендеуге жәрдемдесудің Ұлттық қоры» жүргізген сауалнамада респонденттердің 63,7 пайызы ЛГБТ туралы ақпаратты тікелей әлеуметтік желілер арқылы алатынын айтқан. Бір жыл ішінде осы тақырыпқа қатысты 1 559 мате риал жарияланғаны да белгілі болып отыр. Яғни күніне 35 ақпарат шығып отырған. Бұл жерде блогерлердің белсенділігі де байқалады.

– Осы тақырыпқа нақты зерттеу жүргіздіңіз бе? Соңғы он жыл төңірегіне көз жүгіртсек, қандай үрдіс байқалады?

– Бұл менің ғылыми зерттеу бағытым емес. Бірақ халықаралық және отандық кейбір зерттеулермен таныспын. Бірнеше халықаралық зерттеулерге сүйене отырып, мынадай салыстыру жасауға болады. Gallup World Poll (20062023 жылдары): Әлемдегі адамдардың шамамен 52%ы өз аймағын ЛГБТ қауымдастығына «тіршілік үшін қолайлы орын» деп бағалайды (2006 жылдан бері бұл көрсеткіш екі есеге өскен). Williams Institute Global Acceptance Index (GAI) мәліме ті бойынша әлемдегі 174 елдің 131-інде ЛГБТға деген қоғамдық қабылдау деңгейі 1981 жылдан бері жоғарлап келеді. Тек 16 елде төмендеу орын алған және 27 елде өзгермеген. Әлем бо йынша соңғы он жылда қоғамдық қабылдау ед әуір өсті, әсіресе батыс елдерде және кейбір Азия, Латын Америкасы елдерінде. Біздегі нақ ты жағдайды қарасақ, Pew Research 2015 жыл ғы зерттеуі бойынша Қазақстанда 89% респон дент бір жынысты некені қолдамайды, ал 7%ы қолдайды. GallupWorldPoll деректеріне сүйенсек, Қазақстан респонденттері арасында ЛГБТ үшін «өз аймағын жақсы орын деп са наймын» дегендер саны шамамен 4%дан төмен. Marika Olijar & Junda Li дерегі бойынша, Қазақстандағы жастары арасында әлеуметтік желі қолдану деңгейі артқан сайын ЛГБТ қауымдастығына деген қабылдау деңгейі де жақсаруы мүмкін деген қорытынды бар. Бұл – ақпараттық кеңістіктегі ықпалдың артқанын және ұлттық тәрбиелік сүзгінің әлсірегенін көрсетеді. Қазақстандық ғалымдардың 2023 жылы жүргізген әлеуметтік сауалнамасы бойынша 2010–2015 жылдарыақпараттандыру деңгейі өте төмен, тақырып жабық. Қоғамның қабылдауы – жағымсыз, агрессия жоғары. Құ қықтық және әлеуметтік жағдайына келер болсақ, қорғау тетіктері жоқ, ЛГБТ ұйымдары жоқтың қасы. Ал 2018–2022 жылдары ақпарат ағыны кеңейе бастаған, жастар арасында пі кірталас бар. Қоғамның қабылдауы – шектеу лі бейтараптық байқалды, бірақ жағымсыз көз қарас басым, кейбір ұйымдар тіркелген, бі рақ қысым бар. 2022–2024 жылдары ақпарат қолжетімді, бұған әлеуметтік желілер әсер еткен. Қоғамның қабылдауы әлі де жағымсыз. Құқықтық және әлеуметтік жағдайына көз салсақ, құқықтық шектеулер күшейген. Жалпы ЛГБТ өкілдеріне қатысты терең ғылыми зерттеулер біздің елде жоқтың қасы деп айтуға болады.

– Бұл идеологияға тосқауыл қою мүмкін бе?

– Иә, кез келген жат идеологияға мемлекет тарапынан міндетті түрде тосқауыл қойылу қажет. Бірақ бұл үшін эмоциялық емес, жүйелі және құқықтық негізде әрекет еткен жөн. Қазақстанда әлі күнге дейін ұлттық идеология толық қалыптаспай отыр. Тәуелсіздік алғалы халықаралық ұйымдардың және батыстың ықпалымен либералдық ұстанымдар қоғамға егіліп тасталды. Рухани иммунитет әлсіреді. Енді оны қайтадан реанимация жасайтын уақыт келді. Тек қана ақпараттық кеңістік пен білім беру жүйесінде ғана емес, барлық салаларда ұлттық иммунитетті күшейту міндеті тұр.

– Тосқауыл қою үшін қандай нақты қадамдар қажет?

– Бұл үшін негізгі үш нәрсе қажет: бірінші, саяси ерік. Яғни билік бұл азғын жолдың қауіпті екенін мойындап, нақты саяси шешім қабылдауы керек. Екінші құқықтық құрал. Яғнизаң арқылы ЛГБТ насихатына тыйым салу, білім туралы заңға балаларға арналған жыныстық бағдар тақырыптарын шектеу, Қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық кодекстеріне жауапкершілік тетіктерін қосу. Үшінші, рухани және ақпараттық қорғаныс қажет. Медиа кеңестікте, кино, театрларда жастарға арналған ұлттық контент көлемін арттыру, TikTok, Instagram т.б. платформаларда отбасылық құндылықты насихаттау, балабақшаларға және мектептерге «Ұлттық тәрбие», «Қазақ дүниетанымы» пәндерін енгізу, атааналарға арналған арнайы тренингтер өткізу, «Гендерлік идеологияның» таралуына ғылыми негізделген зерттеу жүргізу, ұлттық қауіпсіздік стратегиясына идеологиялық қауіптерді енгізу.ЛГБТ – жай ғана жеке таңдау емес. Бұл – ұлттың болашағына әсер ететін идеологиялық вектор. Егер біз болашақта ұлт ретінде жойылып кетуді қаламасақ, бүгіннен бастап нақты әрекетке көшуіміз қажет. Біз шет елден келген бұл жат ұғымға жай ғана тыйым салумен шектелмеуіміз керек. Біз жастарға балама құндылықтар ұсынуымыз керек. Отанды сүю, ата-ананы құрметтеу, адал еңбек, ұлттық рух – міне, жастардың бойына сіңіруіміз керек дүниелер. Ұлт боламыз десек – ұрпақты сақтау керек! Мемлекет боламыз десек – рухани құндылықтарымызды қорғаумыз қажет!

– Сұхбатыңызға рақмет.

Айгүл Орынбаева

Abai.kz

0 пікір