Дүйсенбі, 18 Тамыз 2025
Жаңалықтар 129 0 пікір 18 Тамыз, 2025 сағат 20:05

Спорт күніне орай Атырауда 18 спорттық ұйымға автобустың кілті табысталды

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасына қарасты қала және аудандардағы 18 спорттық ұйымға жаңа автобустар сатып алынды. Бұл өз кезегінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, еркін қатынауына мүмкіндік бермек.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Мақсат — спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдердің жаттығу және жарыс орындарына қауіпсіз әрі ыңғайлы түрде қатынауын қамтамасыз ету. Жаңа автобустар облыстағы спорт ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтып қана қоймай, жас спортшылардың уақытылы әрі қауіпсіз тасымалын қамтамасыз етеді.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиев спорт ұйымдарын жаңа көліктердің берілуімен құттықтап, бұл қадамның өңірдегі бұқаралық спортты дамытуға қосатын үлесін атап өтті.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

- Бүгінгі қуанышты жаңалық – балаларымыз бен жасөспірімдеріміздің спортпен айналысуына жасалған нақты қолдау. Жаңа автобустар спортшыларымыздың жарыстарға, жаттығуларға қауіпсіз әрі дер кезінде баруына мүмкіндік береді. Бұл – біздің спортқа, ең бастысы, жастардың болашағына салған инвестициямыз. Барша спорт қауымдастығын мерекемен құттықтаймын, жеңістеріңіз көп болсын! – деді М.Мурзиев.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Бүгінде өңірдегі 20 спорттық ұйым жеңіл көлікпен, газельдермен және автобустармен қамтылған. Ал жаңадан алынатын автобустар тасымал құралы жоқ орталықтарға үлестірілді.

Abai.kz

0 пікір