Сейсенбі, 30 Қыркүйек 2025
Жаңалықтар 303 0 пікір 30 Қыркүйек, 2025 сағат 17:21

Испандық журналистер мен блогерлер «Шымбұлаққа» барды

Сурет: Алматы қалалық әкімдігінен алынды.

Испандық журналистер мен блогерлер «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының алдында «Шымбұлаққа» барды.

Алматыға миллиондаған аудиториясы бар 15 испандық журналист пен блогер келді. Олар УЕФА Чемпиондар лигасындағы «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы алдағы матчты жария ету үшін ат басын бұрды. Бұл туралы қалалық туризм басқармасы хабарлады.

Сапар аясында шетелдік қонақтар Алматының туристік және мәдени әлеуетімен танысу үшін «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортына барды.

Журналистер мен блогерлер испан тілін еркін меңгерген алматылық блогер әрі полиглот Мәди Фазылға жолбасшы болуды өтінді. Оның көмегімен қонақтар Алматының атмосферасын жақынырақ сезініп, қаланың ерекше колоритін ашты.

Мұндай сапарлар Алматыны халықаралық деңгейде ілгерілетуге, қаланың туризм, спорт және мәдениет орталығы ретіндегі мәртебесін нығайтуға ықпал етеді.

Abai.kz

0 пікір