Сейсенбі, 14 Қазан 2025
Жаңалықтар 138 0 пікір 14 Қазан, 2025 сағат 13:43

Қазақстанға WADA президенті келді...

Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің телеграм арнасынан алынды.

Қазақстанға алғаш рет Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) президенті келді.

Бүгін Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) президенті Витольд Банька бастаған делегация Астанаға келді. Қонақтарды Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Қазақстанның Ұлттық допингке қарсы орталығының директоры Майра Бақашева және министрлік өкілдері қарсы алды.

Сапар барысында делегация спорт федерацияларының, Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдерімен, спортшылармен және студенттермен кездесу өткізіп, елордадағы бірқатар спорт нысандарын аралайды. Негізгі мақсат – Қазақстандағы допингке қарсы саясат мәселелерін талқылау.

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) — спорттағы допингке қарсы күресті үйлестіретін тәуелсіз ұйым. Ол Халықаралық Олимпиада комитетінің қолдауымен құрылған.

WADA-ның негізгі құжаты – Дүниежүзілік допингке қарсы кодекс және оған қосымша сегіз халықаралық стандарт. Агенттіктің басты міндеті – допингке қарсы күресті насихаттау, үйлестіру және бақылау.

Ұйым өз қызметін аймақтық және ұлттық допингке қарсы орталықтар арқылы жүзеге асырады және бұл орталықтар Кодекс талаптарын сақтауға міндетті.

Сонымен қатар WADA зертханаларды аккредиттеп, допинг-бақылауға арналған ғылыми талдаулардың сапалы болуын қамтамасыз етеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 871
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10047