Газада соғыс қайта жалғаса ма?
Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху ХАМАС қозғалысын тұтқындардың мәйітін қолдан «тауып алғандай» етіп көрсеткен деп айыптап, Газа секторына әуе соққыларын бастауды тапсырды.
Израиль армиясы дрон арқылы түсірілген бейнежазбаны жариялаған. Онда, олардың айтуынша, содырлар бір адамның денесін көміп, кейін Қызыл Крест ұйымының ғимараты маңынан табылғандай етіп көрсеткен. Бұл оқиғадан кейін Нетаньяху әскерге дереу жауап қатуды бұйырды.
«ХАМАС бұл арандатуы үшін жауап береді», – деді ол.
Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац та ХАМАС-тың әрекетін «адамгершілікке жат» деп атап, ұйымға қарсы қатаң шаралар қолданылатынын айтты.
Abai.kz