Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2793 0 пікір 12 Қазан, 2009 сағат 07:47

Интернет-конференция

Есім-сойы елге мәлім талантты жорналшы һәм азат ойлы бас редактор, кейінгі жылдары өзі шығарған тәуелсіз басылымдардың «бас оқырманы» «лауазымын» иеленген  Ермұрат Бапи мырза «Abai» kz ақпарттық порталы тұрақты ұйымдастырып келе жатқан интернет-конференцияның қонағы болып отыр. Ермұрат Сейтқазыұлына қоятын сауалдарыңызды әдеттегідей abai-akparat @ mail.ru dauren-kuat@ mail.ru asarimov@ mail.ru akberen80@ mail.ru электронды пошталарына жолдай беріңіздер.

Ермұрат БАПИ  1959 жылы наурыздың 7-де Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында дүниеге келген.

1976 жылы орта мектепті  бітрген соң Зайсан аудандық "Достық" газетінде қызмет еткен. 1977-1980 жылдары КСРО әскери-теңіз флотында сүңгуір қайық старшинасы болып әскери борышын өтеген.

1980 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне оқуға түсіп, 1985 жылы арнайы жолдамамен Шығыс Қазақстан облыстық "Коммунизм туы" газетіне қызметке алынған.

1990-1992 жылдары республикалық "Социалистік Қазақстан" ("Егемен Қазақстан") газетінде, 1992 - 94 жж. Қазақ радиосында, 1994 - 97жж. ҚР Министрлер Кабинетінің аппаратында жауапты қызметтер атқарған. 1997 - 98 жж. Қазақстан Өндірісшілер  мен кәсіпкерлер  Одағы президентінің  кеңесшісі  болған.

1998 жылдан бастап тәуелсіз журналист - "ДАТ" газеті баспагерлік жобасының жетекшісі. Соңғы он жылда Ермұрат Бапидың ұйымдастыруымен "ДАТ", "СолДАТ", "Жұма -таймс", "Айна плюс", "Тасжарған"сияқты қалың көпшілікке танымал, жалпы жиыны сегіз газет шыққан. Тәуелсіз газеттер тарату республикалық жүйесін құрған.

Республика демократиялық қауымдастығының "Бостандық" сыйлығын алған (2003ж.). Қазақстанның құрметті  журналисі.

0 пікір