Сейсенбі, 11 Қараша 2025
Жаңалықтар 115 0 пікір 11 Қараша, 2025 сағат 15:36

Израиль лаңкестерге өлім жазасын енгізбек

Сурет: belka.ru сайтынан алынды.

Израиль лаңкестерге өлім жазасын енгізетін болды.

Жалпы бұл жаза бұрыннан бар еді, бірақ өте сирек қолданылады. Эйхманға қарсы қолданылған еді.

Кнессет бүгін Израиль аумағында діни және нәсілдік сипатта, саяси негізде лаңкестік жасап, өлімге әкелген жағдайда қылмыскерді өлім жазасына кесу туралы заңды бірінші оқылымда мақұлдады.

Бұл заңды қабылдауға Ұлттық қауіпсіздік министрі Бен-Гвир мұрындық болды. Ол Кнессетте заңның қабылдануына қатысты тәттілер таратып, қуанышын жасырмаған.

Сарапшылар енді Израиль билігі «лаңкестік жасап, кісі өлтірді» дегендерді жаппай өлім жазасына кесуі мүмкін деп санайды.

Abai.kz

0 пікір