Бейсенбі, 13 Қараша 2025
Жаңалықтар 151 0 пікір 13 Қараша, 2025 сағат 15:35

Қазақстанда уран қоры 60 жылға жетеді

Сурет: inform.kz сайтынан алынды.

Қазақстандағы уран қоры 60 жылға жетеді. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Ғұмар Серғазин мәлім етті. 

— Уәкілетті органнның ресми ақпаратына сүйенсек, елімізде 1 млн тоннаға жуық табиғи уран қоры бар… Біздегі уран қоры 60 жылдан астам уақытқа жетеді. Сонымен қатар, елімізде барлау жүргізілмеген жерлер де бар, онда да елеулі қор жинақталған, — деді Ғұмар Серғазин Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, қазір Финляндияда салынып жатқан екі атом электр станциясына уран жеткізу жөнінде келіссөздер жүріп жатыр.

Еске салсақ, биыл қазан айында Финляндия президентінің Қазақстанға ресми сапары барысында 15 құжатқа қол қойылды.

Атом энергетикасы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Қазақстан уранын Финляндия атом стансаларына жеткізу мүмкіндігі туралы айтты.

Биыл Халықаралық атом энергиясы жөніндегі агенттік «Қызыл кітап» баяндамасын жариялады. Сарапшылар қорытындылай келе, жер бетінде бұған дейін анықталған уран қорлары 2080 жылға қарай сарқылатынын ескерткен.

Abai.kz

0 пікір