Бейсенбі, 13 Қараша 2025
Жаңалықтар 545 0 пікір 13 Қараша, 2025 сағат 15:37

Тәжікстан ұлттық Oriz мессенджерін іске қосты

Сурет: kaz.inform.kz сайтынан алынды.

«Тажиктелеком» компаниясы Oriz деп аталатын ұлттық мессенджер қосымшасын жасап шығарды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Тәжікстан үкіметі жанындағы Байланыс қызметінің мәліметінше, заманауи қосымша ел азаматтары, шетелдегі отандастар және барлық интернет пайдаланушы арасында ыңғайлы, жоғары сапалы және қауіпсіз байланысты қамтамасыз ету үшін жасалған. Оның мақсаты – сенімді цифрлық орта құру.

– ORIZ-дің басты артықшылықтарының бірі – оның төмен интернет жылдамдығындағы тиімділігі. Серверлер мен деректер орталығы ел ішінде орналасқандықтан, пайдаланушылар әлсіз байланыс кезінде де хабарламалар жіберіп, қоңырау шалып және бейнеконференция өткізе алады, - деп хабарлайды агенттік.

Әзірлеушілер кейінгі жылдары әлемде шетелдік платформаларға қол жеткізу шектелгендіктен мыңдаған тәжік мигранттары отбасыларымен байланыс орнатуда қиындықтарға тап болғанын атап өтті.

Abai.kz

0 пікір