Қазақстанға Иран президенті Пезешкиан келе жатыр...
10-11 желтоқсан күндері Астанаға Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкиан ресми сапармен келеді деп хабарлайды Ақорда баспасөзі.
Хабарламада: «Сапар барысында тараптар жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіп, сауда-экономикалық, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-иран ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды», - делінген.
Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері Иранмен саяси, экономикалық байланысты үздіксіз нығайтып келеді.
Өткен қазан айының сегізінде мұнай қоры мол Каспи теңізінде ортақ үлесі бар Қазақстан, Иран, Ресей, Әзербайжан – 4 ел «Каспи теңізінде стратегиялық әріптестікті күшейту» келісім-шартына қол қойды. Аталған құжат бойынша «Каспи теңізі жағалау елдерінің ішкі ісіне сырт елдер араласа алмайды. Мәселе туындаса төрт тарап өзара талқылап барып шешім қабыылдайды» делінген.
Соңғы мәлімет бойынша 2025-жылы наурыздың 21-нен маусымның 21-не дәйін Иранның Қазақстаннан импорты мен экспорты жеке-жеке 9 миллион, 53 миллион долларды құраған. Парсы елі Қазақстаннан бидай, күріш қатарлы дәнді дақылдар мен малшаруашылық өнімдерін сатып алады.
Президент Тоқаев қараша айының басындағы АҚШ-қа сапарында Трамптың Израиль мен маңайындағы Араб елдерін татуластыруға бағытталған «Ибраһим келісіміне» қол қойғаны белгілі. Көптеген елдердің басылымдары оны іліп әкетіп «Қазақстан Иранның шамына тиді», «Орта Азияны геосаяси көкпарға салды» деп дабырайтып жазған еді.
Иран президентінің елімізге жасайтын алдағы сапары соның бәрінің ойжота, сырттай тон пішу екенін айқын көрсетіп беретіндей.
Abai.kz