Бейсенбі, 18 Желтоқсан 2025
Жаңалықтар 98 0 пікір 18 Желтоқсан, 2025 сағат 14:47

Енді электросамокаттарды тіркеу міндетті!

Сурет: smartnews.kz сайтынан алынды.

Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енді электросамокаттарды тіркеу, оларды жолда тек жүргізуші куәлігі болған жағдайда ғана пайдалану, сондай-ақ сақтандырудың болуы міндеттеледі.

Бүгін Сенатта құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы заң қаралуда. Сенатор Марат Қожаевтың пікірінше, бұл шаралар тек құқық бұзушылықтарға жауап қайтаруға емес, қауіп-қатерлердің алдын алуға бағытталған кешенді профилактикалық жүйенің бір бөлігі болып саналады.

«Электросамокат иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру енгізіледі. Мұндай иелер ретінде электросамокаттарды жалға беретін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер танылады. Сонымен қатар Ішкі істер министрлігі белгілейтін тәртіпке сәйкес электросамокаттарды есепке алып, оларға тіркеу нөмірлерін беру міндеті жүктеледі», - деп атап өтті Марат Қожаев.

Abai.kz

0 пікір