Ыстамбұлдағы "Қазақ әдебиеті кеші"
Рами кітапханасында тәуелсіздіктің 34 жылдығына орай Абайдың 180, Міржақып Дулатұлының 140 жылғына орай әдеби кеш ұйымдастырылды. Кеш аясында көрнекті жазушы Дулат Исабековтің "Тіршілік" кітабының тұсаукесері өтті.
Шараға Қазақстан Республикасының Түркиядағы алғашқы бас консулы Ержан Уәйіс, Рами кітапханасының басшысы Әли Челик, ғалым Ораз Сапашев, ақсақал Арыстан қажы Шәдетұлы, қоғам қайраткері Бешир Жаналтай, "Қазақ елі" журналының бас редакторы Ертолқын Гайретуллах, Дулат Исабековтің ұлы Естияр Исабеков, және түрік зиялы қауымы қатысты.
4 бөлімге жоспарланған іс-шара сағат 13:30-да ресми ашылу салтанатымен басталды.
Кештің ұйымдастырушысы "KAM-US" баспа үйінің басшысы Айдемир Гултекиннің кіріспе сөзінен соң, Ержан Уәйіс аға кештің маңызы туралы сөз сөйлеп, телевизия саласында Дулат Исабековпен әріптес болғанын еске алды.
Одан соң Шаңырақ иесі ретінде Рами кітапханасының басшысы сөз алып, қазақ-түрік әдеби байланысына, оның ішінде Д.Исабековтің түрік тіліне аударылған повестері мен пьесаларына шолу жасады.
Келесі кезекте Дулат Исабековтің әдеби менеджері Қожабаева Динара Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасы Мереке Құлкеновтің құттықтау хатын оқыды.
Құттықтау хат алғыс хатқа ұласып, АКЖ М.Әуезов атындағы кітапхана жетекшісі Әлия Іңкәрбек ұйымдастыруларға Алматы кітарханалар жүйесі басшысы М.Е.Бектембаевтың ыстық ықыласын жеткізді.
Шараның маңызы бір тұсы түрік жастарың Абайдың қара сөздерін оқуы болды.
Екі күн бұрын "Қара сөз" оқу жарысының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өте әсерлі болды.
Жазушы Дулат Исабековтің «Тіршілік» кітабының тұсаукесерінен соң, «Қазақ әдебиеті: кеше, бүгін және ертең» тақырыбында конференция өтті.
Конференция модераторы - Айдемир Гултекин, спикерлері - Ашур Өздемир, Ораз Сапашев.
Бұған дейін "Кetebe" баспасынан Д.Исабековтің "Біз соғысты көрген жоқпыз" деген атпен бірнеше повестері жарық көрген болатын.
2 кітаптың да аудармашысы - Ашур Өздемир.
Конференция барысында қатысушыларға фольклордан бүгінге дейінгі қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы баяндалды.
Үзілістен кейінгі II сессияда Естияр Исабеков
"Жазушының портреті: Менің әкем” тақырыбында сұхбат берді.
Сұхбат барысында Дулат Исабеков тәуелсіздік жайлы ой қозғаған деректі фильмнен үзінді көрсетілді.
Кеш соңында «Балуан Шолақ» фильмі көрсетілді.
Abai.kz