Сенбі, 5 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3725 0 пікір 15 Қазан, 2009 сағат 06:14

Қазіргі Тараз қаласынан 18 шақырым қашықтықта «қазақ Тәж-Махалы» деп атауға тұратын Айша-бибі мазары бар

Қазіргі Тараз қаласынан 18 шақырым қашықтықта «қазақ Тәж-Махалы» деп атауға тұратын Айша-бибі мазары бар (XI- XIIғғ.). Қысы-жазы бұл мазардың айналасы құж-құж қайнаған тәу етушілер мен туристер, жас ғашықтардан бір босамайды. Архитектуралық ерекшелігіне келсек, мазар қабырғалары аса шебер құйылған өрнекті плиталармен қапталған, оны тек Бұхарадағы Исмаил Самани кесенесімен ғана салыстыруға болады. Айша -бибі кесенесі Орталық Азиядағы плита түрінде қапталған оюға толы толығымен кесілген терракотамен безендірілген. Тізбектер терракотамен қапталған жіңішке суреттермен, қазақ оюларымен айшықталған. Біздің күнге дейін кесененің тек батыс бөлігі жеткен. Қазір кесене толығымен жаңартылған. Ескерткіш туристерді тек  ерекше сәулетімен емес, сонымен бірге айдай сұлу Айша-бибі мен батыр Қарахан арасындағы шексіз махаббат жайлы аңызымен де қызықты. Айша ару әйгілі шығыс ақылшысы Зеңгі бабаның қызы болып келеді. Аңыз бойынша Айша өзінің ғашығы Қараханға бара жатқан жолында улы жыланның шаққанынан қайтыс болған. Ал, Айша бибі мазарының жанындағы қарапайым кесене Айшаның қамқоршысы - Бабажы қатынға арналған. Ол Айшаны ұзақ сапар барысында қамқоршысы болып, кейін оның кесенесіне қарап, алғашқы шырақшысы болған.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1512
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4231
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3134