Бейсенбі, 3 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4459 0 пікір 19 Қаңтар, 2026 сағат 15:51

Жамбылда жол ережесін 155 рет бұзған жүргізуші автокөлігінен айырылды

Сурет: Baq.kz сайтынан алынды

Құқық бұзушы өзге жол қатысушыларының өміріне қауіп төндіре отырып, 126 рет әдейі жылдамдықты асырған.  

Сондай-ақ 29 рет жол белгілері талаптарын сақтамаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жамбыл облысы ПД әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері "Қорғау" автоматтандырылған жүйесінің көмегімен жол жүрісі ережелерін 155 рет өрескел және жүйелі түрде бұзып келген Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісін анықтады.

Құқық бұзушы өзге жол қатысушыларының өміріне қауіп төндіре отырып, 126 рет әдейі жылдамдықты асырғаны анықталды.

Жауапкершіліктен қашып жүрген жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін елемеуі биылғы жылдың басында да жалғасқан. 2026 жылдың қаңтар айының 16 күнінде ол 18 рет жол ережесін бұзған.

Жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 592 және 601-баптарымен әкімшілік жауапқа тартылды.

Көлік айып тұрағына қойылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 520
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1866
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 472
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 440