Путин «Бейбітшілік кеңесіне» 1 млрд доллар бөлмек
Ресей АҚШ-тың бұрынғы әкімшілігі кезінен сақталған активтерден 1 млрд долларды «Бейбітшілік кеңесіне» аударуға дайын. Бұл туралы ел президенті Владимир Путин 21 қаңтарда өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында мәлімдеді.
Оның айтуынша, қалған қаржы украиналық қақтығыстан кейінгі аймақтарды қалпына келтіруге жұмсалуы мүмкін.
Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, АҚШ билігі Газа секторы бойынша халықаралық «Бейбітшілік кеңесінде» тұрақты орын алғысы келетін елдерден кемінде $1 млрд төлеуді талап етіп отыр. Беларусь президенті Александр Лукашенко алғашқы үш жыл ұйымға құрылтайшы ретінде тегін қатысуға болатынын жеткізген.
Бұған дейін Путин Трамптан жеке шақыру келгенін растаған еді. Ол Сыртқы істер министрлігін құжаттарды зерттеп, стратегиялық серіктестермен кеңесуді тапсырған.
«Тек содан кейін ғана шақыруға жауап беруге болады», — деді президент.
Айта кетейік, «Бейбітшілік кеңесі» — Трамптың ұсынысымен Газа жағдайын реттеу үшін құрылған ұйым. Әзірге кеңеске шақырылған елдер тізімі белгісіз, бірақ Axios агенттігінің мәліметінше, онда 58 елдің көшбасшысы бар. Шақырылған елдердің қатарында Ресей, Украина бар. Құрылтайшылар ретінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Армения премьер-министрі Никол Пашинян мен Беларуссия президенті Александр Лукашенкоға шақырту жіберілген.
Франция президенті Эмманюэль Макрон кеңеске қатысудан бас тартқан, ал Германия тек ұйымның қызметі халықаралық құқық нормаларына толық сәйкес болған жағдайда қосылатынын хабарлаған.
Abai.kz