«Назар аударыңыз, балалар!» акциясы жалғасуда
Акцияның мақсаты – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардыңқатысуымен жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың жол-көлік оқиғаларынан жарақат алуын азайту.
Іс-шараға 7 мыңнан астам полиция қызметкері, мемлекеттік органдардың, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ еріктілерқатысуда.
Акция барысында 16 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Әсіресе мына жағдайларға ерекше назар аударылуда:
– балалардың түнгі уақытта үйден тыс жерде және ойын-сауық орындарындажүруі;
– балаларды көлікпен тасымалдау ережелерінің бұзылуы;
– ата-аналардың бала тәрбиесіне қатысты міндеттерін орындамауы;
– кәмелетке толмағандарға алкоголь және темекі өнімдерін сату.
Алдын алу жұмыстары кезінде қараусыз және панасыз жүрген 1969 жасөспірім анықталды.
Сонымен қатар білім беру ұйымдарының маңындағы жолдар мен жолинфрақұрылымы тексерілді. Тексеру нәтижесінде анықталған кемшіліктерді жоюүшін 2290 нұсқама берілді.
Жаңа оқу жылы қарсаңында жол қозғалысына қатысушылардың барлығынаүндеу жасағымыз келеді.
Жүргізушілерге:
Мектептер мен жаяу жүргіншілер өткелдерінің маңында өте мұқиятболыңыздар. Жылдамдықты төмендетіп, балаларды көлікпен тасымалдауережелерін қатаң сақтаңыздар.
Ата-аналарға:
Балаңызбен бірге үйден мектепке дейінгі қауіпсіз жолды тағы бір рет жүріпөтіңіздер. Жол қозғалысы ережелерін түсіндіріп, ең алдымен өздеріңіз дұрыс үлгікөрсетіңіздер.
Балаларға:
Жолда абай болыңдар. Телефонға алаңдамаңдар. Жолдан тек қауіпсіз екенінетолық көз жеткізгеннен кейін ғана өтіңдер.
Балалардың қауіпсіздігі – барлығымызға ортақ жауапкершілік. Ересектердіңбасты міндеті – әрбір баланың үйіне аман-есен оралуы үшін барлық қажеттішараны жасау.
Abai.kz